Баламен саяхат – құжаттар, фотолар, ұшақ рейстері

Баламен саяхат - құжаттар, фотолар, ұшақ рейстері

Жыл сайын көбірек туристер шетелге балаларын да  алып шығуда. Отбасылық демалыс алдын-ала жоспарланған болуы керек, сонда ғана бәрі жақсы дайындалғанына сенімді бола аласыз. Саяхаттың өте маңызды бөлігі- жас айырмашылығына қарамастан, саяхатшылардың әрқайсысында өздерімен бірге болуы керек құжаттар. Жеке куәлігі бар ересектер көптеген елдерге жарамды төлқұжаттарсыз кіре алады. Алайда, он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін жағдай басқаша. Қандай нұсқа жақсы: жеке куәлік немесе төлқұжат алу? Баланың құжат фотосуретін үйде кәсіби фотографтың көмегінсіз жасауға бола ма? Сіз балаларыңызбен қайда жиі ұшасыз? Осы сұрақтарға жауаптар, сонымен қатар балалармен саяхаттау туралы көптеген пайдалы ақпаратты келесі мәтіннен табуға болады!

Баламен саяхат- Балаңызға арналған құжаттар

Баламен саяхат- Балаңызға арналған құжаттар

Баламен саяхат: Жеке куәлік немесе төлқұжат – қайсын таңдайсыз?

Егер сіз балаңызбен бірге шетелге сапарға шықсаңыз, балаңыздың жеке басын куәландыратын тиісті құжатқа өтініш беру керексіз. Сіздің жеке куәлігіңіз бен төлқұжатыңыз әуежайда тіркелген кезде қабылданады Сіздің балаңыз, жасына қарамастан, осылардың бірімен қамтамасыз етілуі керек. Бірақ қайсысы жақсы? Егер мүмкін болса, төлқұжатқа да, жеке куәлікке де өтініш беругу болады. Алайда, егер сіз бір құжатты ғана таңдағыңыз келсе, онда бірінші нұсқа жақсы болады. Төлқұжат сізге жеке куәліктен гөрі көптеген елдерге саяхаттауға мүмкіндік береді. Егер сіз балаңызды, мысалы виза талап етілмейтін Азия елдерінің біріне апаруды шешсеңіз, сізге  төлқұжат қажет болады

Баламен саяхат - Балалардың құжатына арналған фотолар

Баламен саяхат – Балалардың құжатына арналған фотолар

Жеке куәлік пен төлқұжат үшін құжаттық фотолардың өлшемдері мен талаптары қазіргі кезде көбінесе бірдей болып келеді. Сондықтан, егер сіз екі құжатқа да өтініш бергіңіз келсе, фотосуреттердің бір жинағы жеткілікті (құжаттың әр нысанына бір фотосуреттен болуы керек). Сіз күткендей, балалардың құжат фотосуреттеріне ересектердің суреттерімен салыстырғанда, қатты қатаң талаптар қойылмайды. Фотода баланың басы тік тұру керек, бірақ кішкентай балалар көздерін абайсызда жұмып, аузын ашып қалып немесе бет көрінісі салмақты емес, мысалы, күлімсіреп әлде ренжіп түссе де болады. Баланың бет-әлпеті айқын көрініп, жеткілікті түрде жарықтандырылуы керек. Оны ойыншық немесе баланың өз қолы жауып қалмауы керек. Сондай-ақ, артқы фон ашық және біртекті болуы керек, кадрда қосымша адамдар немесе элементтер болмауы керек. Сіз балаңыздың құжаттарына қажетті барлық дерлік фотосуретті кәсіби фотографтардың қатысуымен түсіресіз.

Балаңыздың құжаттық фотосуреттерін үйде де жасауға болады. Егер сіз жоғарыда аталған ескертулерді ұстанатын болсаңыз, фото студияға барудың қажеті жоқ болуы мүмкін. Балалар өз үйіне қарағанда, өздерін таныс емес жерде басқаша ұстайды, ол жерде олар жиі мазасызданып жылауы мүмкін. Баланы суретке түсіріп болған соң, сіз жақын жерде орналасқан кәсіби фотографқа хабарласып, фотоның талаптарға сәйкес келетіндігін сұрап, тексере аласыз. Фотосуреттің бұл түрін басып шығаруға келгенде, әр қалада түрлі фото шығарушы орындар мен аппараттар бар.

Баламен саяхат - Баламен бірге ұшақпен ұшу

Баламен саяхат – Баламен бірге ұшақпен ұшу

Сәбидің ұшақпен алғаш ұшуы бала үшін де, ата-ана үшін де қиынға соғады. Егер отбасылық демалыстар өзіндік «дәстүр» болса, балаңызды сапар бағытымен және ұшудың барлық процедурасымен мүмкіндігінше ертерек таныстырыңыз. Ұшаққа отырмас бұрын, балаңызға трамвай, автобус немесе пойыз сияқты басқа да қоғамдық көлік құралдарын көрсету керек. Бұл балаға қоршаған ортамен «танысуға» мүмкіндік береді, ал егер бала кішкене ересектеу болса, онда ол кейбір негізгі қағидаларды өзі де түсіне алады. Баланың бір жерге топтасқан көп адамдармен алғашқы байланысы сөзсіз ұшақта болмауы керек.

Кейбір ата-аналар әуежайға ертерек баруды шешіп, баласына ғимарат пен атмосферамен танысуға мүмкіндік береді. Үлкен ұшақтар немесе қатты дауысты хабарландырулар – бала үшін жат нәрсе, одан бала қорқып, жылауы да мүмкін. Егер сіз үлкенірек баламен саяхаттап жүрген болсаңыз, балаға рейстің не екенін түсіндіріп, интернетте оның бағдарын көрсете аласыз. Баланың ұшақ және аэропорт тақырыбымен таныс болуы өте маңызды, бұл оны қажетсіз стресстен сақтайды.

Ұшақта ұшу кезіне келетін болсақ, бала зерікпеуі керек. Бұл оның мазасыздануына немесе тіпті жылауына әкелуі мүмкін. Егер сіз өзіңіздің кішкентай балаңызды стресстен сақтағыңыз келсе, бала үшін ұшу кезін қызықты етіңіз. Ол үшін сіз алдын-ала телефонға, планшетке немесе ноутбукке ертегі жүктеп алыңыз. Сондай-ақ, баланың сүйікті ойыншығын да алыңыз. Егер сіздің балаңыз ұйықтағысы келмесе, бала қызығып айналысатын іс керек. Кішкене ересек балалар туралы айтатын болсақ, олармен сөздік ойындар ойнауға, сондай-ақ бұрын ойлап тапқан оқиғаларды айтуға болады. Балалар кітабынан оқу да жақсы нұсқа болады.

Баламен саяхаттау тұрарлық па?

Баламен саяхаттау тұрарлық па?

Әр бала айналасындағы әлемге қызығушылық танытады. Өмірінің алғашқы жылдарында олар неғұрлым көп жерді көретін болса, болашақта балаға жаңа ортаға бейімделу оңайырақ болады. Сондықтан балалармен бірге әлемнің түкпір-түкпіріне барып, олардың әлемді тануға деген құштарлықтарын ояту қажет. Әрине, бұл болашақта көптеген пайда әкелері сөзсіз.

Баламен саяхаттайтын болсаңыз, кәсіби деңгейі жоғары туристік агенттік ұйымдастырған сапарды таңдаған жөн. Бәрін өз бетіңізше жоспарлау әрдайым пайдалы бола бермейді. Себебі, сіз таңдаған трансфер жайлылығы немесе қонақ үйдің сапасы және оларда балалары бар ата-аналарға арналған мүмкіндіктердің қарастырылуы сияқты нақтылықтарды біле бермеуіңіз мүмкін. Сондықтан, қауіпсіздік пен сенімділік бірінші орында болуы керек. Толығымен сенімді болған жағдайда ғана, сіз арманыңыздағы отбасылық саяхаттан ләззат ала аласыз.