Суретте қалай жақсы көрінуге болады?

Суретте қалай жақсы көрінуге болады?

Кәсіби фотографтың ұйымдастыратын фотосессия көптеген адамдарда бас айналуды тудыруы мүмкін. Біздің көпшілігіміз суретке түсу идеясына теріс көзқараспен қараймыз, өйткені біз өзімізді фотода жақсы шығатындар типінен емеспіз деп санаймыз. Бақытымызға орай, фотограф түсірген әр түсірілім біздің үмітімізді ақтайтындай ететін бірнеше айла бар. Суреттерде жақсы көріну үшін не істеуім керек?

Суретке түсу үшін фотограф таңдау

Асығып жүріп кез-келген фотографқа жүгіне салып, суретке түсу қанағаттанарлықсыз нәтижеге әкелуі мүмкін. Егер сіз кездесуге асығып, әлде балаңызды мектептен немесе балабақшадан жылдам алып кету керек болып, алғашқы ең жақсы деген фотостудияда суретке түстіңіз делік. Сіз бұл суреттерде сәтті шықпауыңыз мүмкін, өйткені сіз кешігіп қалам ба деп асықтыңыз. Бірнеше жыл бойы пайдаланылатын құжат фотосуретіне келгенде, асығыстық мүлдем орынды емес.

Фотосессияны бастамас бұрын, жағымды атмосфераға немесе фотостудияның әдемі сәнделгеніне назар аударыңыз. Бұл сізді фотосессия кезінде тыныштандырады және фотосуреттерде сіздің жүзіңіз жайбарақат көрінеді. Сондай-ақ, сіз фотографтан бірнеше фотосурет түсіру мүмкіндігі бар ма деп сұрай аласыз. Әдетте, фотостудияда үш сурет жасауға болады, ал олардың ішінен тек біреуін таңдау керек. Бірақ, егер сіз барлық үш суретті ұнатпаған болсаңыз, онда қосымша бірнеше сурет жасауды сұраңыз.

Құжат үшін суреттер

Опа-далап

Құжат үшін суреттер

Жеке куәлік немесе төлқұжат фотосуретіне қойылатын талаптар тым көп болғандықтан, өте күрделі процесс болып табылады. Мысалы, ресми талаптар сізді үнемі камера объективіне тіке қарап тұру керек деп міндеттейді. Сонымен қатар, сіз суретке жымиып түсе алмайсыз, керісінше, аузыңызды жұмып, бет-бейнеңізді бейтарап етіп түсуіңіз керек. Осындай қатаң талаптары бар фотосуретте қалай жақсы көрінуге болады? деген сұрақ туындайды. Жауабы, опа-далап. Суретке түсіру күні сіз күн сайын жағатын опа-далапқа қарағанда, сәл айқынырақ көрінетін макияж жасағаныңыз жөн. Бетіңіздің мінсіз көрінуі үшін, теріңізге қолайлы реңк кремін жағыңыз. Егер сіз теріге арналған күнге күю эффектісі бар спрейді немесе бетті жылтырататын  долап қолдансаңыз, сіздің бетіңіз жарқын және тыныққан болып шығады. Қабақты арнайы бояу тәсілі арқылы, көзіңізді үлкенірек етіп көрсетіңіз. Егер сіз бәрін дұрыс жасасаңыз, фотода сіз табиғи және әдемі көрінесіз.

Жарық

Жарық

Жарықтандыру фотостудияда суретке түсіру кезінде маңызды фактор болып табылады. Жарық сәулесі еш көлеңкесіз тікелей бетке бағытталуы керек. Бұл жағдайда терінің жылтырлығы әсерін болдырмас үшін, бет реңкі күңгірт болуы керек. Түсірілім алдында бірден күңгірттік әсер беретін қағазды немесе күңгірт реңк кремін қолдануға болады.

Киім және шаш үлгісі

Үйлену тойы немесе іскерлік фото түсірілімі, түйіндеме үшін сурет

Фотосурет үшін киім мен шаш үлгісі де маңызды. Классикалық қара немесе ақ киім, құжат үшін фотосуреттерде жақсы көрінбейді. Құжаттардағы фотосуреттер үшін ең жақсы түстер – көк, сұр және жұмсақ түстер (пісте, шабдалы). Шашты беттің бүкіл сопақшасын ашатындай етіп жинау керек. Шаш үлгісін таңдауда шектеу жоқ. Тек шаш маңдайға, құлаққа немесе көзге жабылмауы керек екенін ұмытпаңыз. Себебі, бұл сіздің жеке басыңызды тексеруді қиындата алады.

Үйлену тойы немесе іскерлік фото түсірілімі, түйіндеме үшін сурет

Үйлену тойы немесе іскерлік фотосессияда, сіздің бетіңізді мінсіз көрініске дайындайтын кәсіби макияж суретшісінің көмегіне жүгінбеу мүмкін емес. Сіз фотодағы қос иектен қорқасыз ба? Денеңізді түзетіңіз, басыңызды ақырын көтеріңіз, бетіңізді алға тартыңыз және иегіңізді сәл төмендетіңіз. Бұл процедура мойныңызды ұзартады және жіңішке етеді. Егер суретте көздеріңіздің жарқырап тұруын қаласаңыз, яғни «көздегі от» әсері қажет болса, суретке түсер алдында көз тамшысын қолданыңыз. Егер сіз аяғыңызды жіңішке етіп көрсеткіңіз келсе, аяқтарыңызды айқастырыңыз және бір аяғыңызды алға қарай созыңыз. Бұл айланы әлемдегі барлық дерлік модельдер бұрыннан қолданып келеді. Егер сіз фотосуреттерде көздеріңіздің үлкенірек көрінуін қаласаңыз, түсірілім алдында оларды қатты жұмып, кейін асықпай ашыңыз. Осы айлаларды іс жүзінде қолдану, фотосуреттерде бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы шығуға кепілдік береді.