Тайландқа саяхаттаңыз – Қандай құжаттар қажет екенін біліңіз

Тайландқа саяхаттаңыз - Қандай құжаттар қажет екенін біліңіз

Экзотикалық бағыттар еуропалықтар арасында күн санап көбірек танымал болуда. Барлық дерлік саяхатшы әр түрлі мәдениетті білуді, «басқа әлемді» көруді, күн сайын көріп жүрген жерлерінен өзгеше жерлерге баруды армандайды. Демалысыңызды өткізуге қолайлы ел іздесеңіз, Азия елдерінің ұсыныстарын қарап, саяхатшылардың жүрегін жаулап алған жерлерге көз қырыңызды салыңыз. Солардың бірі Тайланд, ол «Мың күлкі елі» деп те аталады. Жыл сайын елге келуші туристер саны көбейіп келеді. Көптеген адамдар үшін бұл белгісіз мекен. Сондықтан, ол ұмытылмас сәттерді бастан өткізгісі келетін саяхатшылар үшін таптырмас ел. Тайландтағы демалыс жақсы идея ма? Бұл ел келушілерге қандай көрнекті жерлерді ұсынады және олар саяхаттауға тұрарлық па? Сіз осы сұрақтарға жауаптар мен көптеген кеңестерді келесі мақалада таба аласыз!

Тайландқа бару үшін виза қажет пе?

Тайландқа бару үшін виза қажет пе?

Әлемнің көптеген елдерінің туристеріне Тайланд аумағына кіру үшін паспорт қажет болады. Төлқұжат Тайландтан кететін күннен бастап кем дегенде 6 ай бойы жарамды болуы керек. Егер сіз Тайландқа 30 күннен аз уақытқа баруды жоспарласаңыз және елге ұшақпен баратын болсаңыз, сізге виза қажет емес. Назар аударыңыз, егер сіз осы елдің шекарасын құрлық арқылы асатын болсаңыз, яғни Камбоджа, Лаос немесе Малайзия сияқты көрші елдер арқылы, сізге Тайландта заңды түрде тек 15 күн болуға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, сізде қайту билеті және сізбен бірге кемінде 10 000 тайландтық бат болуы керек. Егер сіз жүргізуші болсаңыз, сізге халықаралық жүргізуші куәлігін алу қажет екенін ескеріңіз.

Тайландқа бару үшін төлқұжатты қалай алуға болады? - Өте қысқа жолнұсқа

Тайландқа бару үшін төлқұжатты қалай алуға болады? – Өте қысқа жолнұсқа

Егер сіз Тайландқа барғыңыз келсе, алдымен сіз төлқұжат алуыңыз керек. Бұл саусақ ізі және сіздің атыңыз бен тегіңіз сияқты жеке мәліметтерден тұратын биометриялық құжат. Бұл құжатты күту уақыты құжатты беруші елге және жыл мезгіліне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Тайланд - танымал демалыс орны

Тайланд – танымал демалыс орны

Тайланд – жыл сайын туристерді көптеп тарта алатын әртүрлі көрікті жерлері бар ел. Бұл елге арзан рейстерді Еуропаның барлық дерлік жерлерінен табуға болады, әсіресе егер сіз үлкен, әйгілі әуежайларды қарастырсаңыз. Тайланд туристерді қызықтыратыны таңқаларлық емес. Сондай-ақ, Азия елдерінің ішінде бұл елдегі бағалар өте тартымды болып саналатындығын білген жөн.

Тайландқа бару саяхатын өзіңіз ұйымдастыру жақсы идея. Бұл сіздің көп ақшаңызды үнемдейді. Тайландта көптеген қызықты орындар бар, сондықтан демалысты алдын-ала жоспарлаған дұрыс. Бұл Тайландқа дейін ұшып бару рейстеріне де қатысты. Егер сіз билетті алдын-ала сатып алсаңыз, мысалы жоспарланған ұшу уақытынан 3-6 ай бұрын, сіз шынымен өте арзан бағаларға үміт арта аласыз. Орналасу туралы ойланғанда, сіз әр түрлі интернет-қызметтерді ескеріңіз. Олар пайдаланушыларға қонақүйлер, сонымен қатар, жеке адамдар жалға ұсынатын ең жақсы бөлмелерді табуға көмектеседі.

Тайландтағы ұшу рейстері мен әуежайлар

Тайландтағы ұшу рейстері мен әуежайлар

Еуропадан Тайландқа қатынайтын әуе рейстерін ұсынатын авиакомпанияларға келетін болсақ, олардың қатарына Аэросвит Әуе Жолдары, Эйр Франс, Люфтганза, Скандинавия Әуе Жолдары және Тай Әуе Жолдары жатады. Бір бағытты рейс шамамен 13 сағатты құрайды. Тайландқа баратын әуе билеттерінің бағасына келетін болсақ, олар әдетте 400 евродан басталады.

Тайландтағы ең үлкен әуежай – Бангкок-Суварнабхуми әуежайы, Бангкок орталығынан 25 км қашықтықта орналасқан. Әуежай жылына 45 миллионнан астам жолаушыны қабылдайды. Екінші орында – Пхукет орталығынан 32 км қашықтықта орналасқан Пхукет әуежайы, жылына 8 млн жолаушы қабылдайды. Елдегі басқа танымал әуежайлар – Чианг Май әуежайы және Хат Яи әуежайы.

Тайландағы тағамдар

Тайландағы тағамдар

Тай халқы ерекше сыпайылықпен танымал. Сондықтан, Тайландты «Мың күлкі елі» деп жиі атайды. Егер сіз осы елде тұратын адамдармен танысқыңыз келсе, олардың тағамдары туралы аздап білуіңіз керек. Алайда, бұл тек тамаққа ғана қатысты емес, керісінше сол ұлттық тағамдардың дастарханға ұсыну әдет-ғұрпы жайлы біліңіз. Ол «тамақ бөлісу» ғұрыпы деп аталады. Тамақтану кезінде барлық тағамдар әдетте үстелдің ортасында орналасады. Бұл дастархандағы әр адамның қолы асқа жетсін деген ниетпен жасалады. Тайландта түскі асқа мейрамханаға бару әдеті танмал еместігін де білген жөн. Көкөніс, карри, күріш, тіпті ет табылатын көшедегі сауда дүңгіршектерінен тамақ сатып алу жиі кездеседі. Ол жерден жаңа сығылған шырындарды да таба аласыз, ал жылы күндерде олардың бағасы өте арзан болып келеді.

Тайландқа саяхаттау - қандай жерлер көруге тұрарлық?

Тайландқа саяхаттау – қандай жерлер көруге тұрарлық?

Тайландқа сапар шеккен бірде бір турист, бұл елдің ұсынатын көрікті жерлеріне шағымдана алмады. Тайландтың сөзсіз артықшылығы – оның керемет және экзотикалық мәдениеті, ол еуропалық мәдениеттен мүлдем өзгеше. Шытырман тарихты ұнататын саяхатшыларды Тайландтағы көптеген ғибадатханалар мен көне қалалардың қирандылары қуанта алады. Бұл экзотикалық ел демалысын жағажайда өткізуді армандайтындарға ғана емес, сонымен бірге бос уақытын белсенді өткізуді ұнататындарға да жақсы таңдау болады. Тайланд әр алуан ел: ол тауларға, джунглилерге, үлкен қалаларға және құмды жағажайларға ие. Қысқаша айтқанда, Тайланд -бұл туристік жұмақ

Бангкок - Тайландтың ең танымал қаласы

Бангкок – Тайландтың ең танымал қаласы

Бангкоктың әлемдегі ең ыстық қала аймағы саналатын және ең үлкен қалалардың бірі болып табылатыны сөзсіз. Бұл туристер үшін өте танымал саяхат қаласы екенін болжау қиын емес. Ең үлкен көрнекті орындардың бірі Ұлы Патша сарайы. Ол саяхатшылардың көпшілігін қызықтырады. Бангкок тарихи сапарлар кезінде көру қажет тарихи храмдар мен сарайларға толы. Ең танымал орындар: Уат Траймит (онда салмағы 5 тоннадан асатын Будданың алтын мүсіні бар), Будда храмы және Ереван шрейн храмы. Бангкокта “іш пысу” деген түсінік жоқ. Сонымен қатар, қала туристерді арбайтын өте бай түнгі өмірімен мақтана алады.

Тайланд климаты мен табиғаты

Тайланд климаты мен табиғаты

Тайланд экваторлық климат аймағында орналасқан. Бұл дегеніміз, жыл бойы жоғары температура мен жоғары ылғалдылық сақталады деген сөз. Көптеген адамдар Тайландқа қараша мен ақпан айлары аралығында келеді. Себебі, бұл маусымда жаңбыр тоқтап, температура абсолюттік биіктікке көтерілмейді. Ал, елдегі ең ыстық ауа-райы  наурыз бен маусым айлары аралығында орын алады. Сондай -ақ, шілде-қазан айлары жаңбырлы кезең болып саналады

Мың күлкі елі ерекше табиғатқа ие. Тайландта 103 ұлттық парк бар, олардың көпшілігі тропикалық орманды, аралдар мен таулы аймақтарды қорғауға бағытталған. Егер сізді Тайланд табиғатымен қызықтырса, әлемдегі ең әдемі саябақтардың бірі -52 аралдан тұратын Кох Чангқа барыңыз. Сонымен бірге, елде пальма ағаштарының көлеңкесінде демалғысы келетіндерге арналған көптеген әдемі жағажайлар бар. Ұлттық парктердің біріне маржан рифтері де кіреді! Елдің екі мұхитқа, Үнді және Тынық мұхитқа, қатынайтынын естен шығарып алмаңыз керек.

Тайланд саяхаттауға тұрарлық ел ме?

Тайланд саяхаттауға тұрарлық ел ме?

Көріп тұрғаныңыздай, барлығы Тайланд міндетті түрде бір барып көру керек ел екенін дәлелдейді. Елдің табиғатын, мәдениетін және ерекше сәулетін тілге тиек етпесеңде, өте танымал. Егер сіз келесі демалысыма қай жерге барсам екен деп жүрсеңіз, «Мың күлкі еліне» бару туралы ойланыңыз. Сіз өзіңіздің демалысыңызды ұмытылмастай ететін нәрсе табасыз. Егер сізді құмды жағажайлар қызықтырмаса, Бангкоктың қалалық климатын таңдай аласыз. Саяхаттан қызықты әрі шытырман оқиғаларды күтетін туристер үшін, ескі қалалар мен храмдардың қирандыларын көру міндетті шарт болып табылады. Егер сіздің демалысыңыз үш ай немесе одан да көп уақыттан кейін орын алатын болса, сіз Тайландқа ұшатын арзан рейс таба аласыз және бұл бүкіл сапардың құнын айтарлықтай төмендететіні сөзсіз. Күтудің еш қажеті жоқ! Тай еліне ұмытылмас сапарыңызды қазірден бастаңыз. Саяхаттан көңіліңіз қалып қоймайды деп сендіреміз.