F1 визасы – АҚШ-қа оқуға барғысы келетін адамдарға берілетін студенттік виза. Халықаралық студенттер F1 визасына АҚШ-тың білім беру ұйымына – бастауыш мектептен бастап университеттерге құжаттарын тапсыру мүмкіндігі үшін жүгінеді. Алайда, өтініш беру процедурасына дейін адамдарға АҚШ-тың білім беру ұйымының қабылдау хаты қажет болады. Сонымен қатар, визасыз АҚШ еліне кіре алатын мемлекеттер бағдарламасының азаматтары тиісті F1 визасыз оқуды бастай алмайды. F1 визасының мақсаты – адамдарға білім беру және олардың үйіне оралып, алған білімін өз елдерінде қолдана алатындай етіп біліктілігін арттыру.
F1 визасына қатысу мүмкіндігі
F1 визасына ие болу үшін өтініш беруші бірнеше алғышарттарды орындауы керек. Біріншіден, үміткерге SEVP (Student Exchange Visitor Program) қабылдаған АҚШ мекемесінен қабылдау туралы ұсыныс алуы керек. SEVP-де қажетті шарттарға жауап беретін және шетелдік студенттерді қабылдауға мүмкіндік беретін университеттердің, мектептер мен басқа мекемелердің тізімі бар. Сондықтан, университеттік курсқа немесе басқа білімге қатысты басқа курстарға өтініш бермес бұрын, адамдар алдымен SEVP-ді тексеріп, барғысы келетін оқу орнының тізімде бар-жоғын тексеруі керек. Егер тізімде болса, өтініш беруші өтініш беру процесін бастай алады. Егер мекеме тізімде болмаса, F1 визасы қолданылмайды.
Екіншіден, үміткерлердің өз Отанымен берік байланысы болуы керек. Мұны қандай-да бір құжаттамамен немесе адамдардың оқу курсы аяқталғаннан кейін үйге қайтып оралуларын дәлелдеу үшін құжаттармен немесе себептермен қамтамасыз ету қажет. Мұны сұхбаттасу кезеңінде егжей-тегжейлі көрсету керек болады. Әрі қарай, адам өзінің АҚШ-та күнделікті өмір сүру кезінде шығындарын жаба алатындай қаржылық тұрақтылығын растауы керек. Қаражаттың жеткілікті мөлшерін банк көшірмелерімен немесе демеушілердің есептерімен растауға болады. Бұл жеке тұлғалардың стипендия қорына құқығы жоқ деген мағынада емес.
АҚШ-тағы университетке немесе басқа оқу орнына барғанда үміткер ағылшын тілін жетік білуі керек. Бұл үміткердің ағылшынша өте жақсы деңгейде сөйлеп және жаза алатындығын, олардың түсінігі біліктілік стандарттарына сәйкес келетіндігін растау үшін қажет. Ағылшын тілі маңызды фактор болып табылады, өйткені АҚШ-тағы барлық курстар ағылшын тілінде өтеді.
F1 визасының талаптары
Кез-келген басқа визалар сияқты, F1 визасы үшін де өтінімнің толық болуы үшін бірнеше құжат талап етіледі. Ең маңыздысы – визаны алу үшін паспорттың жарамды болуы (паспортсыз виза берілмейді). Сонымен бірге иммиграциялық визадан бөлек басқа визаларға өтініш беру үшін DS-160 формасын толтыру қажет, ол жеке мәліметтерді, сондай-ақ паспорттық мәліметтерді және АҚШ-тың білім беру ұйымдарының мәліметтерін растайды.
Содан кейін, өтініш беруші 51×51 мм (2×2 дюйм) өлшеміндегі түрлі-түсті визаға арналған екі сурет ұсынуы керек. Өтінімді қабылдау үшін фотосуреттер нақты нұсқауларға сәйкес келуі керек. Фотосуреттің өлшемі мен ақ фоны, кемінде соңғы 6 ай ішінде түсірілген және сапалы қағазға басылып шығарылуы керек (қағаз түрінде қолданған кезде). Керісінше, үміткерлерден алдыға қарап, көздерін ашып, аузын жабық қалпында ұстап, күлімсіремеу талап етіледі. Бет әлпеті бейтарап болуы керек. Бірыңғай форма киюге тыйым салынады (күнделікті киім кию ұсынылады), және де бас киім мен көзілдірікке рұқсат етілмейді (егер адамның денсаулығына қатысты немесе діни себептері болмаса). Фотосуреттерді мобильді құрылғы арқылы алуға болады және оны онлайн режиміндегі фото редактордың көмегімен немесе Passport Photo Online сияқты мобильді қосымшаның көмегімен өңдеуге болады, бұл қосымша үйде АҚШ визалық суретін жасауға көмектеседі.
Содан кейін өтініш берушіден F1 визасын төлегендігі туралы құжат (түбіртек) талап етіледі. Бұл сұхбаттасу кезеңі үшін қажет. Виза үшін төлемді растайтын құжатпен бірге I-20 деп аталатын бланк талап етіледі, ол АҚШ-та өмір сүруге арналған қаражатты қамтиды. Бұл формаға АҚШ-та өмір сүруге және білім алуға қажетті қаражат туралы ақпарат кіреді, олар жеке тұлғалардың олардың мемлекетте тұру мерзімі кезінде қаражаттарды жаба алатындығын растайтын банктік көшірмелермен сәйкес келеді. Әдетте ұсынылатын құжаттар банктік үзінділер, салықтық жазбалары, төлемдер туралы құжаттар, кез-келген стипендиялар, бекітілген несие (егер несие білім алу мақсатында алынған болса) немесе оқу төлемдері/түбіртектері болып табылады. Демеушілік танытқан адамдар үшін I-134 формасын жеткізу керек.
АҚШ-тың білім беру ұйымына қабылдану үшін үміткерлерге бұрын алған білімдері жайлы дәлелі болуы керек. Олар түпнұсқа жазбалар, тестілеудің стандартталған балдары, алдыңғы дәрежелі дипломдар немесе алдынғы білім беру ұйымдарының қабылдау хаттары бола алады.
F1 визасына тапсырыс беру қадамдары
F1 визасына тапсырыс беруге курстың(оқу жылының) басталу күнінен 120 күн бұрын кірісуге кеңес беріледі. Тапсырысты осы айтылған мерзімнен ерте немесе кеш бере алмайсыз (өйткені бұл өңдеу уақытын кешіктіруі мүмкін). Сонымен, таспырыстың қадамдары:
- SEVP мақұлдаған АҚШ білім беру мекемесіне қабылданыңыз
- Онлайн режимінде DS-160 формасын толтырыңыз
- Визалық өтінімді төлеңіз (160 доллар), төлем туралы есепшотты (түбіртек) жүргізіңіз және оны растайтын құжаттар тізіміне қосыңыз
- SEVIS I-901 жарнасын төлеңіз (F1 виза ақысы үшін Студент және Алмасу келушісі ретінде тіркеу жарнасы – 200 доллар).
- Визалық сұхбаттың уақытын белгілеу (кездесу туралы хат үй мекен-жайына жіберіледі – бұл сұхбатқа қатысу үшін қажет)
- Растайтын құжаттарды тапсырыңыз
- Жоспарланған сұхбатқа қатысыңыз. Сұхбатта саяхаттың мақсаты жайында және жеке сұрақтар қойылады.
Виза қабылданғаннан кейін, білім беру бағдарламасы басталғанға дейін ең көп дегенде 30 күн қалғанда ұшуға рұқсат етіледі.
F1 виза рәсімдеу уақыты
F1 визасын өңдеу уақыты әдеттегі визалық процеске қарағанда аз уақытты алады. Процесс әдетте сұхбат күніне дейін жүреді. Демек, сұхбаттасу кезеңі – бұл өтініш берушінің виза қабылданған-қабылданбағандығы туралы соңғы шешімінің көрсеткіші.
F1 визасын жаңарту, мерзімін ұзарту және мәртебесін өзгерту
Өтініш беруші бір жылға созылатын курсқа жүгінген жағдайда, F1 визасы тек бір жылға жарамды болуы мүмкін. Дегенмен, барлық бағдарламалар бір жылдық емес, кейде берілген визалар курстың мерзіміне толық сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан F1 визасын жаңарту – ең жақсы шешім. Визаның жаңартуы келесі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:
- АҚШ елшілігіне бару арқылы
- немесе Автоматты түрде визаны қайта валидациялау қызметін пайдалану арқылы
Виза мерзімін ұзартуға да дәл солай – оқу аяқталмағанын растайтын құжат қажет. Жағдайлар мәжбүр еткен болса, үміткерлер визалық мәртебесін де өзгерте алады. Мысалы, егер оқуға келген адам армандаған жұмысын тапса, онда ол виза мәртебесін жұмыс визасына ауыстыруы керек.
F1 Студенті ретінде жұмыс істеу
F1 студенті ретінде жұмыс істеуге болады, бірақ қысқа уақыт ішінде, өйткені F1 визасы тек оқу мақсатында жасалған. Жұмысты тек үзіліс кезінде және демалыс күндері жасауға болады. Студенттік қаладан тыс жерде жұмыс істеуге де мүмкіндік бар. Студенттік қалашықтан тыс жерде жұмыс істеу үшін екі жол бар:
- CPT(Curricular Practical Training) бойынша жұмыс жасау – Оқу-практикалық дайындық. Сіз баратын оқу орындары сізден оқу жоспарының бір бөлігі ретінде жұмыс жасауды талап етеді – бұл орналастыру деп аталады. Бұл оқу саласында жасалуы керек және көбінесе тағайындалған мектеп шенеуніктерімен (DSO-Designated School Officials) есептеледі және бекітіледі. CPT-ді курсты кем дегенде 9 ай оқығаннан кейін бастауыңызға мүмкіндігіңіз бар, және CPT қанша уақытқа созылатындығы туралы шектеулік жоқ.
- OPT(Optional Practical Training)-ның астында жұмыс істеу – Қосымша практикалық дайындық. Бұл АҚШ-тағы шетелдік студенттердің тәжірибесін дамытуға арналған. OPT оқуды аяқтағанға дейін немесе аяқтағаннан кейін, көп дегенде 12 айға жалғасуы мүмкін. Жұмыс оқу саласымен байланысты болуы керек. STEM-ге байланысты пәнді оқитын кісілер дайындық мерзімін ұзартуға өтініш бере алады (ұзартудың максималды мерзімі – 24 ай). Кейбір жағдайларда табысты кісілер өздерінің OPT жұмыс берушілерінен H-1B визасына демеушілік алады, бұл Жасыл карта алуға әкелуі мүмкін.