Сіз өзіңіздің итіңізбен саяхаттау туралы ойланып көрдіңіз бе? Және ол үшін не істеу керек екендігін білесіз бе? Итпен саяхаттау досыңызбен немесе серіктесіңізбен саяхаттау сияқты қарапайым іс емес. Жануарларға қойылатын түрлі талаптар бар, олар шығын және уақытты қажет етеді. Сондықтан, рейске тапсырыс жасамас бұрын, итіңізбен бірге саяхаттау ережелерімен танысу керек. Ең алғашқы қадам – саяхат жоспарларын талқылау үшін сіз таңдап қойған авиакомпаниямен байланысқа түсу, өйткені әр авиакомпанияның үй жануарлармен бірге саяхат жасауға қатысты талаптары әр түрлі болады.
Үй жануарларына арналған саяхат схемасы дегеніміз не?
Барлық адамдар Үй жануарларына арналған саяхат схемасы туралы біле бермейді. Үй жануарларына арналған саяхат схемасы (PETS) – бұл бастапқыда Ұлыбританияда құрылып қазір Еуропалық Одақ елдерінде, сондай-ақ АҚШ-та және Қазақстанда да қолданылатын үй жануарларының төлқұжат жүйесі. Бұл жүйе біздің төрт аяқты отбасы мүшелерімізге шетелге саяхаттауға мүмкіндік береді. PETS-ті алудан бұрын иесі өзінің итінің заңды түрде саяхаттауы үшін белгілі бір міндеттерді орындауы керек. Сонымен қатар, PETS-пен иттер карантинге мәжбүрленбейді.
Иттерге қажетті екпелер
Сонымен, шетелге сапар шегіп жүргенде ит вакцинацияға мұқтаж ба? Ит PETS алу үшін, алдымен иесі оны сертификатталған ветеринарға апаруы керек. Ветеринар дәрігерге Мемлекеттік ветеринария агенттігі иттің паспортын беруге рұқсат беруі керек. Итке паспорт алу үшін оған құтыруға қарсы вакцина керек. Ит иелері де соңғы вакцинаның жасалғанын растайтын анықтама алғанына көз жеткізуі керек. Және иттің идентификациясы қажет. Ол ветеринарлық клиникада жасалады, онда иттерге оларды анықтайтын микрочип орнатқызылып немесе татуировка жасалады. Қазіргі кезде шет елдерінде кенелер мен таспа құрттарды емдеудің дәлелдемелері жиі қажет болып жатыр. Осылайша, ит иелері сапар шегейін деп жатқан елде осы талаптың бар-жоғын қайта тексеруі керек. Бұл ерекшеліктер үй жануарларына, негізінен иттер мен мысықтарға қатысты.
Итке арналған саяхатқа қатысты басқа шектеулер
Кейбір үй жануарларына вакцина егіліп қойғанымен, олардың барлығына саяхаттауға жол берілмейді. Түрлі елдерде итпен саяхаттауға әр түрлі талаптар қойылады. Кейбір елдерде иттерге кіру рұқсатын алу үшін ол 4 айдан асқан болуы керек, бұл көптеген елдерге қатысты, соның ішінде:
- Австрия (иттер 7 айлық болуы керек)
- Багам аралдары (иттер 6 айлық болуы керек)
- Канада (денсаулық туралы анықтама болмаса, 8 ай)
- Гонконг (5 ай)
- Израиль мен Тайланд (4 ай)
- Хорватия, Нидерланды, Латвия, Литва, Люксембург, Германия және Кипр (3 жарым ай)
- Италия, Испания, Франция, Греция, Жапония, Малайзия, Дания, Чехия және Түркия (3 ай)
Басқа елдер иттерге саяхаттардан кемінде 21 күн бұрын құтыруға қарсы вакцина егілу қажет деп кіруді шектейді. Мұны талап ететін елдер: Дания, Эквадор, Германия, Нидерланды, Польша, Ұлыбритания. Салыстыратын болсақ, кейбір елдер мемлекетке кіргізу үшін құтыруға қарсы вакцинациядан кейін 21 күн күтуді талап етеді. Бұл елдердің қатарында Болгария, Хорватия, Кипр, Чехия, Эстония, Финляндия, Франция, Италия, Латвия, Люксембург, Литва, Румыния, Словакия немесе Испания. Кейбір елдер жолға шығар алдында 24-120 сағат бұрын құтыруды емдеуді қажет етеді.
Осылайша, сіз баратын елге қандай талаптардың қабылданатынын тексеру қажет, өйткені кейде олар өте күрделі болуы мүмкін және уақытты да көп алады, сондықтан итіңіз уақытында саяхаттауға дайын болмай қалады.
Иттің төлқұжатын алғаннан кейін жануарларды тасымалдау қанша тұрады?
Үй жануарларына арналған рейс құны билет бағасына кірмейді. Үй жануарларымен саяхаттайтын адамдар авиакомпанияға және ішкі немесе халықаралық рейстерге байланысты 12000-87000 тг. қосымша ақы төлеуі керек. Итті тасымалдағаны үшін ақы төлейтін және авиакомпанияның барлық талаптарын орындайтын адамдар жануарды ит тасығышта орындықтың астына орналастырып немесе әуе кемесінің салонында алып жүруге құқылы (осы және тасымалдауға болатын ит өлшемі әуе компаниясына да байланысты). Негізінен ірі иттерді трюмге орналастырады, бұл авиакомпаниялардың өздері жасайтын қызмет. Бағасы иттің мөлшері мен саяхаттың ұзақтығына байланысты. Әрбір жолаушы өзімен бірге тек бір итті тасымалдай алады, өйткені ұшақта рұқсат етілетін үй жануарларының саны шамалы.
Итті ұшуға дайындау
Иесінің итті сапарға дайындауы өте маңызды. Иттер үшін орын шектеулі, сондықтан ертерек үй жануарларына билет пен орынға тапсырыс беру керек. Кейбір ұзақ халықаралық рейстер иттерді ұшаққа орналастыруға мүмкіндік бермейді. Иттердің тасымалдаушы қорабының өлшемі қолайлы, орындықтың астына кіретіндей болуы керек (авиакомпанияға хабарласып тексеріңіз). Қорқыныш пен күйзелісті сезінбеу үшін итіңіз тасымалдаушы қорабына үренген болуы керек. Бұрын айтылғандай, барлық медициналық ақпарат сапарға шығар алдында жиналуы керек. Ит иесі құжаттар жоғалған жағдайда вакцинация туралы жазбалардың көшірмелерін жасауға міндетті.
Иттерге достықпен қарайтын авиакомпаниялар
Бұл үй жануарларының иелеріне арналған ең кең таралған авиакомпаниялар тізімі:
- Air Astana (от 15000 тг. до 87000 тг., в салоне самолета до 8 кг)
- Fly Arystan (от 12000 тг. до 30000 тг.)
- Bek Air (узнать стоимость можно в колл-центре)
Қандай елдерге иттерді кіргізуге рұқсат берілмеген?
Иттердің кіруіне жол бермейтін елдер – Мальдив аралдары. Мальдив аралдары – ислам елі, шетелдік иттердің кіруіне заң бойынша тыйым салған. Мұсылман дінінің ұстамдарына байланысты алкоголь, шошқа еті мен иттерге рұқсат етілмейді.