Өзіңізге үйде паспорт суретін қалай түсіруге болатындығын біліп алыңыз. Сізге тек смартфон мен төлқұжат немесе басқа кәсіби құжат фотосуреттеріне арналған фото редакторы қажет. Және де осы фотосуреттерге арналған нұсқаулықтарды да білуіңіз керек. Суретте қалай шығатыныңызды қадағалаңыз және ең жақсы кадрды таңдағаныңызға көз жеткізіңіз.
Ресми құжаттардың көпшілігінде биометриялық фотосурет қажет. Атауы күрделі болып көрінгенімен, суретті өзіңіз түсіріп көруіңізге кеңес береміз. Фотографта көбінесе кадрды қайталап, сізге ұнағанын таңдауға уақыты мен мүмкіндігі бола бермейді. Бақытымызға орай, технологиялар мен Интернеттің артықшылықтары қарқынды даму үстінде. Төлқұжат туралы өтініште мақтана алатын төлқұжат суретін қалай түсіру керектігін төменде оқыңыз.
Биометриялық фотосурет дегеніміз не?
Биометриялық фотосуреттер – бұл тұлғаның биометриялық ерекшеліктерін көрсететін фотосуреттер. Әрбір адамның жетілдірілген сәйкестендіру құралдарының көмегімен белгілі бір адамға танылып, тағайындалатын ерекшеліктері бар. Беттің биометриялық ерекшеліктеріне, басқалармен қатар, келесі өзгешіліктер жатады:
- бет пішіні
- жақ және иек пішіні
- мұрын және маңдай пішіні
- көз және қас формасы
- құлақ пен ауыздың пішіні
- қарашығының түсі
Биометриялық ерекшеліктер, нақтырақ антропометриялық белгілер деп аталады, беттің әр түрлі бөліктері арасындағы қашықтықты қамтиды. Мысалы, көз бен мұрын арасындағы арақашықтық, көз сызығы, мұрын сызығы, ауыз қуысы, иек және көздің арасындағы арақашықтық.
Паспортқа арналған сурет қандай болуы керек?
Төлқұжат фотосуреттеріне қатаң анықталған нұсқаулар қолданылады. Мысалы фотосуреттің өлшемі, қолайлы бет әлпеті, сәйкес киім. Олардың ең маңыздылары:
- Фотосуреттің мөлшері әр ел үшін әр түрлі болуы мүмкін. АҚШ паспорты үшін 2×2 дюйм болса, Еуропалық Одақтың көптеген елдері үшін 35×45 мм.
- Ашық, біркелкі, көлеңкесіз фон.
- Көзілдірік пен бас киімді киюге рұқсат етілмейді.
- Беттің эмоциясыз болуы. Ешқандай күлімсіреу немесе бет-жүз өзгертуге болмайды.
- Сіздің бетіңіз бен денеңіз тікелей камераға қарап тұруы керек.
- Сіздің көздеріңіз тікелей камераның объективіне қарап тұруы керек.
- Раманың ішінде бас, мойын және иықтардың жоғарғы жағы көрінуі керек.
- Еріндер жабық және көздер ашық болуы керек (көзіңіз толығымен және қарашықтар көрінуі керек).
- Фотосуретте адамның жағы мен самайы толықтай көрінуі керек.
Осы нұсқаулардан басқа, сіздің шашыңыз сіздің бетіңізді жаппайтындығына көз жеткізуіңіз керек. Егер сіз көру қабілетін түзететін көзілдірік киетін болсаңыз көзілдірігіңізді шешпей ақ Еуропалық Одақтың кез-келген елінің паспортына суретке түсе аласыз. Алайда, егер сіз Америка Құрама Штаттарына паспорттық суретін қажет етсеңіз, суретте көру қабілетін түзететін көзілдірік киюге тыйым салынғанын біліңіз. Төлқұжаттың фотосуретінде сіздің көзіңіз көрінетініне және көзілдірікке жарық түспейтініне көз жеткізіңіз. Басты жабуға тыйым салынады. Бірақ егер сіз діни себептерге байланысты бас киім киіп жүрсеңіз, сізде діни бірлестіктің куәлігі болу керек, әйтпесе суретке түсер алдында бас киіміңізді шешуге тура келеді.
Паспорт суретіне қалай жақсы түсуге болатындығы туралы кеңестер!
Бастапқыда, паспортқа арналған фотосуретінде киім таңдау бойынша ресми нұсқаулар жоқ екеніне назар аударғаныңыз жөн. Бұл, фотода қалаған киіміңізді киюге болатындығын білдіреді. Ең болмағанда теория жүзінде. Алайда, шын мәнінде, егер сіз киім таңдауға бірнеше минут бөлсеңіз, сіз өзіңізді стресстен құтқарып уақытыңызды үнемдейсіз, және суреттен бас тарту қаупін азайтасыз.
Паспорттық суретіне не киюім керек?
Суретті смартфонмен түсірсеңіз де, оған фотографпен кәсіби фотосессияға баратындай дайындалыңыз. Таза, ашық түсті көйлек киіңіз. Қандай түсті таңдаған дұрыс? Көк, ашық қызғылт, көгілдір немесе қоңыр-сарғыш түстерді таңдауға болады. Және де сіз күнделікті жейделеріңіздің бірін киюіңізге болады (түймелерін соңына дейин салып немесе біреуін ашық қалдырыңыз). Сыртынан жакет кию де тағы бір нұсқа, бірақ галстук тағу қажет емес.
Сіз көйлектен басқа мойны дөңгелектенген жағасы бар қарапайым тоқылған жемпір киіп, астына көйлек немесе футболка киюіңізге болады. Паспорт суретіне водолазка киюге болмайды. Оған қатал тыйым салынбағанымен, ол сіздің мойныңызды толықтай жауып тастаса сіздің өтінішіңіз сол себептен қабылданбай қалуы мүмкін. Ең жақсысы – водолазкадан бас тарту.
Фотосурет жасамас бұрын, сіз шаштаразыңызға барып, сақалыңызды алғызғыңыз келуі мүмкін. Егер сіздің маңдайыңыз немесе беттеріңіз жарқырап тұратын болса, ұнтақты қолданғыңыз келуі мүмкін. Фотошоп немесе басқа бағдарламаны пайдаланып фотосуреттерді өңдемеңіз. Сіздің ресми құжаттарыңызда пайда болатын фотосуреттерді өңдеуге қатаң тыйым салынады – бұл сіздің паспортыңыздың, жүргізуші куәлігінің фотосуреттеріне және басқа да құжаттарға қатысты.
Қандай киім киюге болмайды?
Есіңізде болсын, күнделікті киім тым экстравагантты болмаса және сіздің денеңіздің көп бөлігін көрсетпесе ғана қолайлы болады. Паспорт суретіне ешқашан жеңсіз футболка кимегеніңіз дұрыс. Оның екі негізгі себебі бар. Біріншіден, ол әдепсіздікке жатады, екіншіден, соңында сіз фотосуретте мүлдем киімсіз көрінуіңіз мүмкін. Фотосурет әрқашан қажетті мөлшерде кесіледі. Бұл сізге үлкен мәселе болып көрінбеуі де мүмкін. Бұл тек сіздің төлқұжатыңыздағы сурет және оған мемлекеттік қызметкерлерден басқа ешкім қарамауы керек деп ойлайтын шығарсыз. Мұқият ойланыңыз – мүмкін, сіздің паспортыңызды жұмыста көрсету қажет болатын кез келіп қалар, мысалы іссапарға шығатын кезде. Сіз төлқұжат суретіне жалаңаш түскендей болғыңыз келе ме?
Үйде паспортқа суретке қалай түсуге болады?
Теориялық тұрғыдағы ең оңай нәрсе – фотографқа барып, суретке түсіп, ақша төлеп солай бәрін ойластыру. Алайда, бұл шешімнің екі маңызды кемшілігі бар – бұл өте қымбат және дұрыс кадрды таңдау мүмкіндігі аз. Фотограф сізге процесті қайталауға және суретті дұрыс таңдауға мүмкіндік береді деп ойлайсыз ба? Бірақ шындығында олай емес. Сіз алдағы 10 жыл бойы қолайсыз фотосуретті алып жүруіңіз фотограф үшін маңызды емес. Бақытымызға орай, сіз смартфонды немесе планшетті пайдаланып төлқұжатқа суретке түсе аласыз. Сізге тек ажыратымдылығы жоғары фотосуреттер түсіретін камера болса болғаны.
Смартфонды пайдаланып паспортқа суретке түсіру – қадамдар
- Үстіңізге жеңіл көйлек немесе басқа ашық түстегі жейдеңізді дайындаңыз, бірақ ақ түс емес, көк түсті таңдағаныңыз жөн.
- Жарықты орнатыңыз – табиғи жарық өте жақсы көрінеді.
- Басқа адамға суретті түсіруін сұраңыз.
- Суретке түсіретін адамның көлеңкесі көрінбеу үшін сізден 1,5 метр қашықтықта тұруы керек.
- Өзіңіз қабырғадан 0,5 м қашықтықта орналасыңыз.
- Нұсқаулыққа сәйкес тұрыңыз. Мүмкін сіз, жақсы сурет шыққанға дейін, оншақты суретке түскіңіз келуі мүмкін.
- Ең жақсыларын таңдап, оларды онлайн паспорт фото редакторына жүктеңіз.
- Құрал сіздің фотосуреттің нұсқаулыққа сәйкестігін тексереді, фонды алып тастайды және фотосуретті дұрыс өлшемде кеседі.
- Сіз электрондық пошта арқылы фотосуретті басып шығаруға дайын нұсқасын аласыз.
- Фотосуретті фотографиялық қағазға басып шығарыңыз.
Қорытындылау
Биометриялық фотосуреттерді ресми құжаттарға енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бір жағынан, фотосуреттерге қатысты нұсқаулар бүкіл Еуропада стандартталған, бұл саяхатшыларды анықтауды жеңілдетеді. Екінші жағынан, төлқұжат фотосуреттерінде поза, киім немесе мимикаға қатысты көптеген нұсқаулар бар. Шындықты айтатын болсақ, өздерінің паспорттағы суреттеріне риза адамдар аз. Бақытымызға орай, сіз өзіңіздің телефоныңызды және жоғарыда аталған редакторды пайдалана отырып, паспорттың суретін Интернетте түсіріп, өзіңізді фотода қалай шығатыныңызды бақылай аласыз. 10 жылға дейін сақталатын фотосуретті.