Ресей – екі құрлыққа созылып жатқан алып мемлекет. Осы бір тұжырымның өзі әуесқой саяхатшыларды қызықтырып қояды. Біз бұл елге баруымыз керек пе? Ресей мен орыстар туралы стереотиптер шындыққа қаншалықты сәйкес келеді? Қызығушылық танытқан көптеген туристер өздеріне дәл осы сұрақтарды қояды. Саяхатшылардың көп бөлігі әлемдегі ең үлкен елге сапар шегіп, оның ерекше мәдениеті, өнері және климатымен танысқысы келеді. Бірақ Ресейге бару сапарына қалай дайындалу керек? Өзіммен бірге қандай құжаттар алуым керек? Саяхат кезінде қандай жерлерді көру мүмкіндігін жіберіп алмауыңыз керек? Осы сұрақтарға жауапты және көптеген басқа да ақпаратты төмендегі мақаланы оқып шығу арқылы таба аласыз!
- Ресейге туристік виза -қай жерде өтініш беру керек?
- Ресей визасына өтініш беру үшін қажетті құжаттар
- Ресейге бару үшін қажет туристік сақтандыру
- Ресей визасы туралы маңызды ақпарат
- Ресейлік виза фотосы – Өлшем және талаптары
- Ресейге қатынайтын рейстер
- Ресейдегі маңызды жерлер
- Ресейге саяхаттау тұрарлық па?
Ресейге туристік виза -қай жерде өтініш беру керек?
Еуропалық Одақтың шығыс көршілеріне сапарға аттанар алдында жасалатын негізгі қадам – виза алу. Бұл құжатсыз сіз өкінішке орай Ресейге бара алмайсыз. Көптеген туристер Ресейге бару туралы ойларынан бастартады, себебі, Ресей визасы жайындағы аңыздарға сүйенсек, тек бірнеше адам ғана ресейлік визаға қол жеткізеді: көп жағадайда өтініштер қабылданбайды. Алайда, бұл шындыққа жанаспайды. Барлық нұсқауларды дұрыс орындасаңыз, сізге осы алып елге баруға құқылы ететін құжат міндетті түрде беріледі.

Ресей визасына өтініш беру үшін қажетті құжаттар
Ресей шекарасын асу құқығына ие болу үшін, тиісті құжаттарды тапсыру қажет, онсыз визаға өтініш беру процесі сәтсіз болады . Біріншісі, әрине, Ресейдегі жоспарлы соңғы күніңізден кейін кем дегенде 180 күнге жарамды төлқұжат. Сондай-ақ, осы құжаттың бірінші бетінің көшірмесі маңызды, онсыз консулдық өкіл виза процедурасын бастай алмайды. Сонымен бірге, электронды түрде толтырылған және басып шығарылған визалық өтінішті қоса беру қажет. Ол құжатты Ресейдің Сыртқы Істер Министрлігінің Консулдық департаментінің жауапкершілігіндегі арнайы веб-сайттан таба аласыз. Визаға өтінішті виза алушы азаматтың өзі беру керек, әйтпесе ол қабылданбайды. Сонымен қатар, өтініште көрсетілген мәліметтер (мысалы, мекен-жай сияқты), тапсырылған құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келуі керек.

Ресейге шақырту
Кез-келген турист ресейлік визаны бұнсыз ала алмайды дейтін тағы бір маңызды құжат – шақырту. Оны осы қызмет түрін ұсынатын веб-сайттар арқылы сатып алуға болады. Шақырту ваучер деп те аталатынын білген абзал. Тапсырыс берген соң, көп ұзамай бұл құжатқа электронды түрде қол жеткізе аласыз. Сіз құжатты түрлі-түсті етіп басып шығарғаныңыз жөн және шақыртуды басқа құжаттармен бірге тапсырыңыз. Шақыру бағасы сапардың мақсатына, яғни берілген визаның түріне, оның мерзіміне, елге кіру және шығу санына және т.б. байланысты болады.
Ресейдегі тұрғылықты жер туралы растама
Әрине, барлық туристердің сапар шегетін елдерінде туыстары бола бермейді. Алайда, егер сіз Ресейде тұратын біреуді танысаңыз және ол адам визаға өтініш берген кезде жеке мәліметтерімен бөлісуге қарсы болмаса, бұл істі жабық деп санауға болады. Дегенмен, өздеріңіз білетіндей, шығыс шекарасында бәріміздің достарымыз жоқ. Егер сіз екінші топқа жататын болсаңыз, сізге Ресей Туроператорларының Федералды Реестрінде тіркелген туристік компаниядан визаға өтініш беру түбіртегі қажет болады. Кейбір адамдар, сонымен қатар, хостельдерді брондау үшін Booking.com сияқты әртүрлі брондау веб-сайттарын да пайдаланады.

Ресейге бару үшін қажет туристік сақтандыру
Ресейге сапар шеккен кезде медициналық сақтандыруды да сатып алу қажет. Ол 30 000 еуроны қамтып, Ресей Федерациясында жарамды болуы керек. Бұл сақтандыру Ресейдегі сапардың толық мерзімін қамтуы керек. Алайда, бірнеше мәртелік виза жағдайында сақтандыру тек бірінші ұшып кету кезеңін қамтуы керек. Сіз өзіңізбен бірге басып шығарылған сақтандыру тарифтері көрсетілген келісімшартты әкелуіңіз керек. Сақтандыруды сатып алмас бұрын, ең тиімдісін таңдау үшін көрсетілетін қызметтер тізімін оқып шыққан жөн.
Ресей визасы туралы маңызды ақпарат
Ресми сайттағы бағалар тізіміне сәйкес, қалыпты режимде берілетін 30 күндік туристік виза шамамен 40 € тұрады. Аталған құжатты күту уақыты туралы айтар болсақ, ол әдетте 10 жұмыс күнінен аспайды. Көбінесе, қызығушылық танытқан адамдар визаларын сәл тезірек алады. Жоғарыда айтылғандай, бір мәртелік, екі мәртелік кіру және шығу құжаттары ең көп дегенде 30 күн мерзімге беріледі. Визада көрсетілген соңғы күніңіз өте «қатал» екенін ескеріңіз, яғни сіздің басқа елге кететіндігіңізге немесе болғаныңызға қарамастан, өзгермейтінін білген жөн.

Ресейлік виза фотосы – Өлшем және талаптары
Ресейге бару үшін визаға өтініш берген кезде сізге басқа құжаттармен бірге тапсыру үшін, бір фотосурет қажет болады. Әрине, оның өзіндік ерекшелігі бар және соның негізінде оны консулдық қызметкер қабылдайды немесе қабылдамайды. Бұл визалық суретке қойылатын негізгі талап – оның өлшемдері, яғни 35мм х 45мм. Фотосурет өтініш беру күніне дейін 6 айдан ерте емес уақытта жасалынған болуы керек. Егер сіз ресейлік визаны алуға өтініш берген кезде, бір жыл бұрын берілген жеке куәліктегі фотосуретпен бірдей фото тіркесеңіз, оны ресми тұлға қабылдамауы мүмкін екендігіне дайын болыңыз. Сонымен қатар, фотосурет түрлі-түсті және анық болуы керек. Бұл ресми суретте назар аудартатын қосымша элементтер болмауы керек, сондай-ақ, қараңғы немесе біркелкі емес фонда жасалған фотосуреттер қабылданбайды. Фотосурет жоғары сапалы фотографиялық қағазға басып шығарылуы керек. Суретке түсірілген адам камераға тіке қарап түсуі керек. Фотосуретте тиісті тұлғаның бет-әлпеті мен көздері айқын көрінуі керек және фотосуреттің беткі ауданының 70-80% алуы керек. Сондай-ақ, бас киімді шешіп, аузын жауып, бетке түсіп тұрған шаштарды алып тастау керек екендігін ұмытып кетпеңіз. Осы қатаң талаптарға байланысты, Ресей визасы үшін қажетті фотосуретті кәсіпқой фотографпен бірге жасаған абзал. Бұл арқылы сіз визаға өтініш беру барысында фотосуреттің қабылданатынына сенімді боласыз.
Ресейге қатынайтын рейстер
Ресейге қатынайтын ең танымал рейстер – бұл Санкт-Петербург және Мәскеу Шереметьевке әуе рейстері. Салыстырмалы түрде аз қатынайтын, бірақ бірдей жақсы қызмет көрсететін Ростов, Казань және Калининград сияқты бағыттар бар.
Ресейге ұшып бару үшін, Германиядан бастау алатын әуе рейстер жайлы ұсыныстармен танысқан жөн. Бұл елдің әуе билеттері ұшақпен жетуге болатын көптеген қалаларды қамтиды. Германиядан сіз әр түрлі авиакомпаниялардың арзан рейстерін жиі таба аласыз. Арзан әуе билеттері туралы жарнамалар әр қадамда, сондықтан Германиядан Ресейге ұшу туралы ойлану керек.
Егер сіз Ресейдегі ең маңызды үш әуежай десеңіз, бірден Мәскеу Шереметьево, Мәскеу Домодедово және Санкт-Петербург Пулково әуежайлары еске түседі. Біздің білуімізше, бұл елде көптеген әуежайлар бар, дегенмен олар жоғарыда аталған үш әуежаймен салыстырғанда жұртқа кең танымал емес. Мәскеу және Санкт-Петербург әуежайларының танымалдылығы, негізінен, олардың Ресейдің әйгілі қалаларына тиесілі болуымен түсіндіріледі. Бұл әуежайлар арзан авиакомпанияларға да, дәстүрлі тасымалдаушыларға да қызмет етеді.
Ресейдегі маңызды жерлер
Ресей – әлемдегі ең үлкен мемлекет. Сондықтан бір ел ішінде түрлі айырмашылықтар бар деп болжау қиын емес. Бұл елмен алыстан танысу мүмкін емес, сондықтан, Ресей әр саяхатшы бару керек елдер тізімінде. Сондай-ақ, бұл елге бір рет қана бару жеткіліксіз болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Ресей бірегейлігі, мөлшері және мәдени айырмашылықтары бойынша жеке мемлекетпен теңестірілетін көптеген аймақтардан тұрады.

Ресей табиғатының көркемдігі
Елдің орталық бөлігі әртүрлі қайталанбас ескерткіштерге, ерекше сәулет өнеріне және көптеген мәдени орталықтарға бай. Ресейдің солтүстік-батыс бөлігінде әйгілі Санкт-Петербург қаласы бар. Ол өзінің кітаптарымен және таңғажайып сәулетімен танымал. Ресейді барлығы өте суық ел деп санайды, дей тұрғанмен, оның жылы аудандары да бар, яғни оңтүстік бөлігі ерекше табиғатымен және әртүрлі курорттарымен ерекшеленеді. Көркем пейзаждарды тамашалауды жақсы көретін адамдарды 2 континент пен 8 уақыт белдеулерінен өтетін Транссібір теміржолы да қызықтырады. Бұл теміржол саяхаты туристер арасында өте танымал болып табылады. Пойыз саяхатының әйгілі нүктелері: континентаралық шекара, Байкал көлі және Камчатка, онда сіз белсенді вулкандар мен гейзерлерді кездестіре аласыз.
Ресейдегі ауылдар мен қалалар
Ресейдің елді мекеніне келетін болсақ, сапар картасындағы қажетті нүктелер осы үлкен елдің бірнеше қалаларын қамтиды. Олардың бірі, сөзсіз, Ресей астанасы Мәскеу. Оның негізгі ескерткіші Қызыл алаң. Дегенмен, туристер адам көп жиналмайтын орындар, мысалы, кафе, клубтар және галереяларға қызығады. Себебі, ол жерлерде сіз орыс мәдениетін еркін зерттей аласыз. Келесі маңызды қала- жоғарыда аталған Санкт-Петербург. Көптеген адамдар оны әлемдегі саяхатшылар үшін ең тартымды қалалардың бірі деп санайды. Сондай-ақ, шағын ауылдарға да бару керек, онда әр турист Ресей елінің шынайы келбетін көреді. Әйгілі орыс тағамдары дәмін татып көруді ұмытпаңыз. Сонымен қатар, балет шеберлерінің қатысуымен өтетін кем дегенде бір спектакльге барыңыз. Бұларды орындамай, Ресей сапары аяқталған деп санауға болмайды.

Ресейге саяхаттау тұрарлық па?
Адамдар көптеген жылдар бойы, Ресей туралы әртүрлі сенімдерді ойлап тапты. Олар көбнесе, ел климаты мен тұрғылықты халық-орыстар жайлы. Алайда, олардың барлығы шындыққа жанаспайды. Әр түрлі қауөсеттерге қарамастан, бұл ел әлі де нағыз қызықты оқиғаларды бастан өткергісі келетін туристерді тартады. Ресейдің танымал болуы таңқаларлық емес. Бұл ел қарама-қайшылыққа толы және оны өз көзіңізбен көруіңіз керек. Ешқандай кітап немесе фотосурет әлемдегі ең үлкен елдің әртүрлі бұрыштарындағы ерекше атмосфераны жеткізе алмайды. Ресей – бұл саяхат әуесқойлары үшін таптырмас ел. Сондай-ақ, әртүрлі ерекше мәдениеттер туралы білгісі келетін фанаттар үшін де өте қызықты жер болары сөзсіз. Сондықтан, қайтып оралғыңыз келетін ерекше елге сапар шегуге ақшаңызды аямаңыз.