LinkedIn-ге арналған сурет

LinkedIn-ге арналған сурет

LinkedIn профиліне арнайы кәсіби фотосурет жасаңыз!

National Geographic
Forbes
Puls Biznesu
Glamour

Өзіңіздің LinkedIn профиль фотосуретіңіз арқылы керемет алғашқы әсер қалдырыңыз 

LinkedIn суреті - сіздің LinkedIn профиліңіздің маңызды бөліктерінің бірі. Көбінесе профильдік сурет - адамдар ең бірінші кезекте байқап, сізді сол бойынша есте сақтап қалады. Барлығымыз “кітапты мұқабасына қарап бағаламауымыз керек” дейміз, алайда солай жасаймыз. Сіздің сыртқы келбетіңіз, киіміңіз және көзқарасыңыз сұхбат кезінде қалай маңызды болса, соншалықты профильдік сурет - бұл сіздің болашақ жұмыс берушілерге немесе жалдау бойынша менеджерлерге беретін алғашқы әсеріңіз!

Егер сізде LinkedIn профилі болса немесе сіз онда тіркелгіңіз келсе, онда осы нұсқаулықты оқып, бірегей және керемет Linkedin профильдік фотосуретін дайындап, мансаптық өсу жолына бір қадам жақындаңыз!

Неге мен өзімнің LinkedIn профиліме фотосурет қосуым керек?

Егер кітаптың мұқабасы жеткілікті жақсы болмаса немесе оның мұқабасына көңіліңіз толмайтын болса, сенсеңіз, сенбесеңіз де, кітап өте құнды және қымбат болғанымен, оны ашып оқымайтынымыз анық. Зерттеулерге жүгінетін болсақ, күнделікті өнімдердегі жапсырмалар көбінесе қарапайым клиенттердің затты сатып алуының шешуші факторы болып табылады.

Дәл осындай психологиялық механизм LinkedIn профильдік суретіне де қолданылады, ол сіздің профиліңіздің мұқабасы, сонымен қатар сіздің жетістіктеріңіз, дағдыларыңыз бен жұмыс тәжірибеңіздің көрсеткіші. Біздің әлеуметтік желідегі аккаунттарымызда фотосуреттердің болуы және LinkedIn фотосурет сапасының бүкіл кадрларды қабылдау процесіне әсер ету мүмкіндігінің тікелей себебі осы!

LinkedIn мәліметтері бойынша фотосуреті жоқ профильдер көбінесе жабық және ондай профильдерден келетін шақыруды 93% қолданушылар қабылдамайды! Бұл рекрутерлер профильдерінде суреттері бар үміткерлерді іздейтінін білдіреді.

LinkedIn-ге дұрыс сурет жүктеу неге маңызды?

Адам ретінде біз басқа адамдарды сыртқы келбеті бойынша тез бағалайтын болғандықтан, профильдің суреті өте маңызды. Рекрутерлер ғана емес, әрқайсымыз саналы немесе бейсаналы түрде бір ғана қарау арқылы тұлғаның ерекшеліктері мен сипаттамаларын біле аламыз. Сондықтан профильдік суретке ие болу ғана емес, оны тек жағымды қасиеттермен байланыстыру өте маңызды, мысалы бөлшектерге назар аудару немесе сенімділік.

Профильдегі сурет жалдау менеджерлеріне арналған көрме тәрізді, сондықтан оны жақсылап дайындау үшін профиліңізге көп көңіл бөлуіңіз керек. Өйткені, күнделікті жүздеген профильдерді қарайтын рекрутер сіздің дайын болмаған профиліңізге жағымсыз қорытынды шығаруы мүмкін.

LinkedIn фотосуреттерінде қандай қателіктер жиірек кездеседі?

Тәжірибелі рекрутер үшін кәсіби емес фотосурет күмән тудыруы мүмкін. Фотосурет сізді өзіне сенімді, егжей-тегжейге мән беретін, сандық ұрпақтың белсенді өкілі ретінде көрсетуі үшін профильдерде ең жиі кездесетін 5 қателіктердің тізімін дайындадық!

  • Бұлыңғыр, анық емес немесе пикселденген фотосуреттер цифрлық дағдылардың жетіспеушілігі туралы айтуы мүмкін.
  • Түрлі-түсті немесе жарқын фон адамның немқұрайлылығын көрсетеді деп түсінуге болады
  • Біркелкі емес жарық пен беттегі көлеңкелер егжей-тегжейге мән бермейтін адам екеніңізді көрсетуі мүмкін
  • Тікелей камераның объективіне қарамаған жағдайда рекрутер сізді өзіне сенімсіз адам деп санайды
  • Сіздің иығыңызды немесе басыңыздың үстіндегі бос орынды қамтымайтын фотосурет адамдармен қарым-қатынас дағдыларының жоқтығын білдіруі мүмкін

Әлеуметтік желідегі фотосурет сізді білмейтін адамдарға сіз туралы алғашқы әсер қалдыртынын ұмытпаңыз. Профиль суреті болған жағдайда, сіздің профиліңізді көру немесе хабарлама калдыру ықтималдығы туралы білу үшін оқуды жалғастырыңыз!

LinkedIn профиліңізге арнайы кәсіби сурет түсіріңіз

LinkedIn зерттеулері жай ғана суреттің бар болуы басқа адамдардың сіздің профиліңізді қарауын 14 есеге және сіздің хабарлама алу мүмкіндігіңізді 36 есеге көбейтетінін дәлелдейді.

Сондықтан, LinkedIn-де кәсіби фотосурет міндетті түрде болуы керек екені даусыз. Бұл сіздің профиліңізді толық етіп, сізге көптеген қараулар мен хабарламалар әкеліп қана қоймай, сонымен қатар рекрутерлерге керемет әсер қалдырады.

Сіз өзіңіздің рекрутер алдындағы мүмкіндігіңізді арттыратын немесе LinkedIn қауымдастығының басқа мүшелері арасында профиль беделін көтеретін фотосурет түсіру құпиясын білесіз бе?

Фон түсін дұрыс таңдаңыз

Жасыл фон адамды жағымды, ашық және ынтымақтастыққа дайын деп қабылдауына әсер ететінін білесіз бе? Фонда кеңсенің болуы кәсіби шеберлік пен жұмысқа деген корпоративтік көзқарасты көрсетеді. Басқа жағынан, көгілдір фон +30% адамдардың сіздің шақыруыңызды қабылдайтындығын білдіреді. Алайда, сіз шөпке немесе көгілдір түске боялған қабырғаға қарсы тұра салып суретке түсе алатындықтан фоныңыз қызықсыз біркелкі түс болуы керек дегенді білдірмейді - басынан бастап қосымша ұпайларға ие болу үшін шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетіңіз!

Дұрыс арақашықтық - жақсы фотосуреттің негізі

Фон, кадр секілді, шынымен де өте маңызды. Фотосуретте сіз өзіңізді дұрыс орналастыруыңыз керек. Бұл дегеніміз, жақтаудың ішінде тек сіздің басыңыз, мойныңыз және сіздің иығыңыздың жоғарғы жағы ғана болуы керек. Бүкіл денеңізді қамтитын суретті жүктемеңіз, өйткені адамдар сізді танымай қалуы мүмкін.

Сәйкес мимиканы таңдаңыз

Жиі қойылатын сұрақ ‘Іскери фотода күлімсіреу керек пе?’ Иә! Мына дәлелдерді оқып көріңіз:

  • Сенім арта түсесіз
  • Сіз адамдардың көзінде жағымды және жылы жүзді болып көрінесіз
  • Сіздің суретіңізді көрген адаммен шынайы байланыс орнатасыз
  • Сіз бірге жұмыс істейтін адам ретінде қорқыныш тудыртпайсыз
  • Сіз өзіңізге деген сенушілігіңізді көрсетесіз

LinkedIn суреті қазірдің өзінде сіздің жеке брендіңіз болып табылады, сондықтан сіз жұмыс істейтін салаға қатысты өзіңізді лайықты түрде ұсынатыныңызға көз жеткізіңіз. Дегенмен, көп нәрсе сіздің кәсібіңізге байланысты. Сіз брендіңізді аса маңызды деп санап шындап кірісуіңіз мүмкін, сондықтан LinkedIn суретінде байыпты немесе бейтарап көріну дұрыс. Бірақ әдетте күлімсіреудің жөні бөлек! Зерттеулер көрсеткендей, бет-жүзіндегі эмоциясымен ерекшеленетін екі бірдей тұлғаға қарағанда, адамдар күлімсіреген жүзді көбірек таңдауға бейім тұрады.

Күнделікті, бірақ кәсіби түрде киініңіз

Дұрыс киімді таңдай отырып, оны сұхбат ретінде қабылдаңыз. Linkedin - бұл әлеуметтік медиадағы кездейсоқ профиль ғана емес, кәсіби мансап пен іскерлік платформа. Сіз киімге көбірек назар аударуыңыз керек, өйткені сізді болашақ жұмыс беруші үміткер ретінде бағалайды.

Әрине, өзіңізді басқа адам ретінде көрсетудің қажеті жоқ - жай ғана өзіңіз болыңыз, бірақ ең жақсы жағыңызды көрсетуге тырысыңыз! Көп нәрсе сіз жұмыс істейтін салаға байланысты, бірақ ер адамдар үшін жейде дұрыс таңдауы болып, әйелдер үшін әдемі блузка, блейзер немесе ер адамдар мен әйел адамдарға бірдей жақсы жарасатын костюм. Көк немесе қара сияқты қою, бір түсті біркелкі киім таңдаңыз. Жолақтар, нүктелер, өрнектер, гүлді немесе иығында бауы жоқ футболкалар онша жақсы көрінбеуі мүмкін. Тым көп макияж қолдану, көптеген әшекейлерді тағу немесе шашыңызды экстравагантты қылып жасаудың қажеті жоқ екендігін ұмытпаңыз.

LinkedIn фотосуретінің дұрыс өлшемін жүктеңіз

Стандартты LinkedIn кескінінің өлшемі 400 (w) x 400 (h) пиксель мен 7680 (w) x 4320 (h) пиксел аралығында, мұнда басыңыз кадрдың шамамен 60%-ын қамтуы керек. Сіз үлкенірек фотосуретті де жүктей аласыз және LinkedIn оның өлшемін өзгертеді, бірақ ол 8 МБ-тан үлкен болмауы керек. Сондықтан ең жақсы шешім - LinkedIn-нің талап ететін мөлшеріне суретті өзгертетін Passport Photo Online қызметін таңдау!

Рұқсат етілмейтін фондық суреттер бар екенін және LinkedIn-де олардың тізімі бар екенін ұмытпаңыз. Егер сіз біздің LinkedIn фотосурет қызметін қолданып өз суретіңізді жүктесеңіз, компанияның логотиптерін, жануарларды, сөздерді, сөз тіркестерін немесе пейзаждарды қолдана алмайсыз, және де тыйым салынған фондық суретті жүктемегеніңізге көз жеткізіңіз.

Кәсіби сурет түсіріңіз

Егер сіз өзіңізге кәсіби маман ретінде қарағанды талап етсеңіз, өзіңіздің кәсіпқой екеніңізді барлық жағынан дәлелдеңіз! Сіздің бизнес-имиджіңіздің керемет сапалы екендігін көрсетіңіз. LinkedIn профильдік суреті - бұл сіздің болашақ жұмыс берушіңіз бағалайтын бірінші нәрсе. Сондықтан да сапасы жақсы болып, бұлыңғыр немесе ою-өрнектері болмауы қажет, өйткені оның барлығы сізді кәсіби маман емес жай ғана әуесқой ретінде көрсетіп, сонымен қатар сандық дағдылардың жоқтығын немесе бөлшектерге назар аудармайтындығыңызды білдіретін болады! Жарыққа назар аударыңыз - суретті күндізгі жарықта түсіруге кеңес береміз, себебі жарқыл шамды қолдансаңыз суретте көзіңіз қызыл болып қалуы мүмкін және бұл біліксіз көрінеді.

Жақсы LinkedIn суретін үйде қалай түсіруге болады?

Фотосурет студияларына бару тым көп күш пен уақыт алады, сондықтан толықтай тегін опцияны таңдап Linkedin фотосуреттерін үйде түсірген жөн!

Сіз тұрған жерден шамамен 3 метр қашықтықта тұратын фотограф бола алатын адам немесе штативті іздеуден бастаңыз. Бұл жердің жақсы жарықтандырылғанына және қабырғадан 1 метр қашықтықта тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Камераға қарағаныңыз дұрыс, бірақ қаласаңыз басыңызды бір жаққа сәл еңкейтуіңізге болады. Ешқандай қатаң ережелер жоқ болғанымен объективке тіке қарауыңыз жөн. Өйткені рекрутер сізге тіке қарап отырмын деп ойлап сізден өзіне сенімді және бейілді қызметкер ретінде әсер алатын болады. Суретте бетіңіз толық көрінетініне және сіздің бет-әлпетіңіз орынды екендігіне көз жеткізіңіз.

Бірнеше фотосурет түсіргеннен кейін ең жақсысын таңдап, оны бизнес профильге мінсіз сурет дайындайтын Linkedin Photo Validator-ға жүктеңіз! Бүгіннен бастап карьераңызды өзгертіңіз!

LinkedIn сурет дайындаушы қалай жұмыс істейді?

LinkedIn фото дайындаушы өте қарапайым және барлық фотосуреттерді бірден LinkedIn әлеуметтік желісіне сәйкес етіп жасайды. Passport Photo Online веб-сайтын ашып LinkedIn профиліне арналған мінсіз сурет жасауға қатысты кеңестерді орындаңыз.

Linkedin Фотосурет Құралы қалай жұмыс істейтінін білу үшін төмендегі 3 қадамды орындаңыз:

  1. Суретті жүктеңіз.
  2. Біздің веб-сайтымыздағы фонның түсін таңдаңыз немесе өзіңізге ұнағанын жүктеңіз - Linkedin Фотосурет Құралы түпнұсқалық фонды алып тастап, оны өзіңіз қалаған суретке немесе түске ауыстыруға мүмкіндік береді!
  3. Жаңа кәсіби LinkedIn суретіңізді жүктеп алып оны тікелей LinkedIn профиліңізге қосыңыз!

Осы ақпарат сізге пайдалы болды ма?

Рейтинг: 5.00 - дауыстар саны: 6